Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау
Құрметті ата-аналар!
1 сәуірде Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №3 мектеп-гимназиясы» КММ бірінші сыныбына құжаттарды қабылдау басталады.
1-сыныпқа дайындық деңгейіне қарамастан, 6 жасқа толған немесе ағымдағы күнтізбелік жылы толатын балалар қабылданады.
Білім министрлігі ата-аналар мен жұртшылықтың өтініші бойынша құжаттарды қабылдау мерзіміне өзгерістер енгізді. Егер бұрын ол 1 сәуірден 1 тамызға дейін жүзеге асырылса, қазір 1 сәуірден 31 тамызға дейін.
Құжаттарды «электрондық үкімет» және «Сакура: электрондық мектеп»порталдары арқылы беруге болады. Өтініш беру үшін мыналар қажет:
1)ата-аналардың (немесе заңды өкілдердің) өтініші;
2) баланың туу туралы куәлігінің сканер-көшірмесі;
3)баланың денсаулық жағдайы туралы анықтаманың сканер-көшірмесі (№065/у нысан);
4) баланың денсаулығы паспортының сканер-көшірмесі (026/у-3 нысаны, бала туралы жалпы мәліметтері бар бөлімдер, иммунопрофилактикалық іс-шаралар туралы ақпарат-5 жастан 7 жасқа дейінгі жоспарлы профилактикалық тексерулер туралы мәліметтері бар егу картасы);
5) баланың сандық фотосуреті 3*4.
Құжаттарды қабылдау 3:1 қағидаты бойынша жүргізіледі: алғашқы үш өтініш берушіге мектептің қызмет көрсету аумағынан, содан кейін бірінен басқа учаскеден. Мектептегі сынып жиынтықтарының саны шектеулі және бос орындар құжаттарды қабылдаудың аяқталу күнінен әлдеқайда ертерек толтырылады.