Мектеп жаңалықтары

“Қостанай қаласының білім бөлімінің № 3 мектеп-гимназиясы” КММ-де МЖӘ шартының қолданылу мерзімі аяқталады

Құрметті ата-аналар!!!

2024 жылғы 10 Маусымда жеке мектепке дейінгі ұйым орналасқан Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Қостанай қаласы білім бөлімінің №3 мектеп-гимназиясы” КММ-де МЖӘ шартының қолданылу мерзімі аяқталатыны туралы хабарлаймыз.
Сонымен қатар, балабақшаны жабу туралы шешімді тек құрылтайшы қабылдайтынын хабарлаймыз. Бұл ретте, құрылтайшы жалдау шартының мерзімі аяқталғанға дейін өзінің балабақшасын басқа үй-жайға көшіруге құқылы.
Құрылтайшы 2019 жылдан бастап шарттың қолданылу мерзімінің аяқталғаны туралы, сондай-ақ балабақшаны басқа ғимаратқа уақтылы көшіру жөнінде шаралар қабылдау қажеттігі туралы бірнеше рет хабардар етілді.
Балаларды орналастыру мүмкін болмаған жағдайда, ата-аналар Қостанай қаласының басқа мектепке дейінгі ұйымдарына уақтылы жолдама алуы және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту процесі үзілмеуі үшін құрылтайшы бұл туралы ата-аналарға алдын ала хабарлауы қажет.
Барлық сұрақтар бойынша телефон арқылы хабарласуға болады: 54-36-14, 54-27-20, +7 775 600 3500 немесе Байтұрсынов көшесі, 67, 421, 422 кабинет мекенжайы бойынша.

Коммент өшірілген on “Қостанай қаласының білім бөлімінің № 3 мектеп-гимназиясы” КММ-де МЖӘ шартының қолданылу мерзімі аяқталады