Мектеп жаңалықтары,  СЫНЫП САҒАТТАРЫ

“Жаяу жүргіншілерге Арнау” мерекесі

20 қазанда бірінші сынып оқушылары үшін “жаяу жүргіншілерге Арнау” мерекесі өткізілді. Басты мақсат – оқушылардың жолдағы жүріс-тұрыс ережелері туралы түсініктерін кеңейту. Мереке танымдық түрде өтті. Балалар ЖҚЕ туралы өлеңдер айтып, әндер орындады, жол жағдайларын қызығушылықпен талқылады, ЖҚЕ жасағы қойған сұрақтарға, көлік туралы жұмбақтарға жауап берді, барлық тапсырмаларды тамаша орындады және көптеген пайдалы кеңестер алды. Соңында барлығына “жас жаяу жүргінші”куәлігі табысталды.

Коммент өшірілген on “Жаяу жүргіншілерге Арнау” мерекесі