Мектеп жаңалықтары,  Оқушылардың жетістіктері,  Педагогтардың жетістіктері

Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың ғылыми жобалары республикалық конкурсының қорытынды кезеңінің жүлдегерлеріне құрмет көрсету

Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың ғылыми жобалары республикалық конкурсының қорытынды кезеңінің жүлдегерлеріне құрмет көрсету Қостанай қаласындағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты 2020 жылғы 3 желтоқсанда БКБ форматында жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың ғылыми жобалары республикалық конкурсының қорытынды кезеңінің жүлдегерлеріне құрмет көрсетілді.   Салтанатты шараға мектеп оқушылары, пән мұғалімдері, жеңімпаздарды дайындаған мектеп директорлары қатысты. Біздің № 3 мектеп-гимназияға да шынайы ризашылық пен таңдану сөздері айтылды.
“Жер және ғарыш туралы ғылым”секциясында қола медаль иегерлері, 11 сынып оқушылары Гриценко Анастасия және Романенко Алина алғыс хаттармен марапатталды. Коробейникова Лидия, 2020 жылдың түлегі, “Химия”секциясында қола медаль иегері. Химия және биология пәндерінен үздік білім Лидияның Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетіне “ветеринарлық медицина” мамандығы бойынша грантқа түсуіне мүмкіндік берді. Оқушылардың жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды: Жұмабеков Әміржан Закариұлы, оның шәкірттері үш жыл бойы “жер және ғарыш туралы ғылым” секциясында жүлдегер атанды. Тархова Айсұлу Акимгереевна, оның оқушылары екінші жыл ғылыми жобалар байқауының жүлдегерлері атанды. № 3 мектеп-гимназия қала қоржынына жүлделі орындар әкелетін аралас мектептердің бірі. Жүлдегерлерді құттықтаймыз және жаңа жеңістер мен жетістіктер тілейміз!  
Коммент өшірілген on Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың ғылыми жобалары республикалық конкурсының қорытынды кезеңінің жүлдегерлеріне құрмет көрсету