Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының«Қостанай қаласы білім бөлімінің № 3 мектеп-гимназиясы» КММ
КГУ «Школа-гимназия № 3 отдела образования города Костаная» Управления образования акимата Костанайской области
"Адал азамат" бағдарламасы аясында және кәсіптік бағдар беру айлығы шеңберінде 9-сынып оқушылары Костанайский высший медицинский колледж ашық есік күніне қатысты.
Іс-шара барысында оқушылар колледждің білім беру бағдарламаларымен, қабылдау шарттарымен және оқу процесінің ерекшеліктерімен танысты. Оқу орнының өкілдері сұранысқа ие медициналық мамандықтар, өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндіктері және түлектердің жұмысқа орналасу перспективалары туралы жан-жақты ақпарат берді.
Оқушылар үшін оқу кабинеттері, зертханалар мен арнайы аудиторияларға экскурсия ұйымдастырылып, олар заманауи құрал-жабдықтармен және болашақ медицина қызметкерлерін даярлау үдерісімен танысты.
Аталған іс-шара оқушылардың медициналық мамандықтар туралы түсінігін кеңейтіп, болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға ықпал етті.
"Адал азамат" бағдарламасы және кәсіптік бағдар беру айлығы аясында мектебімізде қалалық әскери комиссариат өкілімен кездесу өтті.
Іс-шара барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының әскери жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берілді. Мамандар үміткерлерге қойылатын талаптар, іріктеу кезеңдері, оқу ерекшеліктері, сондай-ақ әскери қызмет пен мансаптық өсу перспективалары туралы айтып өтті.
Сонымен қатар, дене дайындығы, тәртіп және табысты оқуға қажетті жеке қасиеттерге ерекше назар аударылды.
Кездесу ашық диалог форматында өтті: оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жан-жақты жауаптар алды. Мұндай іс-шаралар оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектеседі.
«Қостанай қаласы білім бөлімінің № 3 мектеп-гимназиясы» КММ КГУ «Школа-гимназия № 3 отдела образования города Костаная» Управления образования акимата Костанайской области



