РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

М.О. Әуезовтің 125 жылдық мерейтойын мерекелеу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспарға сәйкес өткізілген іс-шаралар бойынша ақпарат

28.09.2022 жылы М.О. Әуезовтің 125 жылдық мерейтойын мерекелеу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспарға сәйкес Қостанай облысы әкісдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №3 мектеп-гимназиясы» КММ А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ бірігіп дөңгелек үстел іс-шарасын өткізді. Іс-шараға А.Байтұрсынов атындағы өңірлік университеті, тілдерді дайындау орталығының меңгерушісі, филология ғылымының кандидаты Журсиналина Г. және журналистика факультетінің студенттері қатысты. Олар М.Әуезовтің шығармалары жайында толық мәлімет дайындады. Сондай-ақ, №3 МГ тәрбие жұмысының меңгерушісі Бектурганова Л.А.,  ӘБ жетекшісі Какимжанова Г.С.,  қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері: Айтжанова Ж.Ж., Альмагамбетова А.Д., Жанабергенова Ж.К., Аралбаева Н.К., Ертуганова М.М. оқушыларды дайындап қатыстырды. Жоғарғы 9, 10, 11 сынып оқушылары М.Әуезов жайында толық мәлімет алды (интерактивті тақта қолданылды), және зара жазушының өмірбаяны, шығармашылық жолы мен шығармалары жайында, «Абай жолы» романының жазылу тарихы туралы пікір алысты. Іс-шараға оқушылар мен студенттер белсене қатысып отырды біріншілері жаңа мәлімет білсе, екіншілері шығапмалары жайында мәліметті толықтырды. ҚӨУ-нің оқытушысы Журсиналина Г. апай мен студенттерге білдіретін алғысымыз мол, оқушыларымыз бұрын білмеген мәліметтермен танысты.

Коммент өшірілген on М.О. Әуезовтің 125 жылдық мерейтойын мерекелеу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспарға сәйкес өткізілген іс-шаралар бойынша ақпарат