АДАЛ ҰРПАҚ

ҰЛЫ ДАЛА АҒАРТУШЫСЫ ТУРАЛЫ ПАРАСАТТЫЛЫҚ САҒАТЫ

2021 жылғы 23 ақпанда №3 мектеп-гимназияда көрнекті қазақ ағартушысы-педагог, жазушы, этнограф, ғалым – фольклоршы, Ұлт мұғалімі Ыбырай Алтынсариннің өміріне арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кезекті «Парасаттылық сағаты» өткізілді.
Ыбырай Алтынсарин өзінің бүкіл саналы өмірін қазақ балаларын оқытуға арнап, қазақ даласы тарихындағы білім берудің негізін қалаушы-атасы болды.
Алғашқы халық мектебін ашып, тұрғындарды балаларын мектепке беруге шақырып, қазақ тілінде оқулық жазды.
«Қазақ христоматиясының» алғы сөзінде автор «Осы кітапты құрастыра отырып, мен оның орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленетін қазақ балаларына арналған оқулық және жалпы ағарту үшін қолжетімді кітап болғанын қалаймын…» деп жазды.
Қазақ жастары арасында білім беруді дамытудың маңыздылығын Алтынсарин өзінің басқа да көптеген шығармаларында сипаттаған. Оларда автор әділетсіздікті, ұрлықты, ескірген дәстүрлердің зияндылығын жоғары адамгершілік тұрғысынан сынайды және адал еңбек пен адамгершіліктің артықшылығын көрсетеді.
Атақты «Кел, балалар, оқылық» өлеңінде ақын қазақ ауыз әдебиетінің дәстүрлерін шебер пайдаланып, білім мен надандықты, жақсылық пен жамандықты салыстырды.
Оның шығармалары бүгінгі күнге дейін заманауи білім беру жүйесінің негізі болып табылады.
Жазушы адамгершілік туралы идеяларын эстетикалық тәрбиемен сипаттайды, оларды бір-бірімен байланыстырады.
Ғалымның бай энциклопедиялық мұрасының жылдан жылға өсіп келе жатқан құндылығы халқымыздың мақтанышы болып табылады. Ыбырай Алтынсарин – жаңа поэзияның негізін қалаушы, білім беру көшбасшысы және қазақ халқының алғашқы оқытушысы екені сөзсіз.
Ұлт мұғалімі біздің тарихымызда өшпес із қалдырды. Оның арманы – халықтың гүлденген болашағына нық сеніммен қарайтын білімді жастар.
Бейне-сабаққа сілтеме:

Коммент өшірілген on ҰЛЫ ДАЛА АҒАРТУШЫСЫ ТУРАЛЫ ПАРАСАТТЫЛЫҚ САҒАТЫ