Мектеп жаңалықтары

9-11 сынып қыздарына «жыныстық қол сұғылмаушылық, ерте жүктілік, контрацептивтер»тақырыбында дәріс сабағы өткізілді

2024 жылғы 06 Желтоқсанда «Қостанай қаласының №3 емханасы» КМК акушері А. А. Григорьевская 9-11 сынып қыздарына «жыныстық қол сұғылмаушылық, ерте жүктілік, контрацептивтер»тақырыбында дәріс сабағын өткізді. Дәріс барысында жыныстық денсаулықты сақтауға, кәмелетке толмағандардың құқықтарына, ерте жүктілікке байланысты тәуекелдерге, сондай-ақ контрацепцияның заманауи әдістеріне қатысты маңызды мәселелер қамтылды. Іс-шараның мақсаты оқушылардың хабардарлығын арттыру, репродуктивті денсаулық мәселелеріне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру және қалаусыз жүктіліктің алдын алу болды. Іс-шара сенімді атмосферада өтті, қатысушылар белсенді сұрақтар қойып, пікірлерімен бөлісті.

Комментарии к записи 9-11 сынып қыздарына «жыныстық қол сұғылмаушылық, ерте жүктілік, контрацептивтер»тақырыбында дәріс сабағы өткізілді отключены