Ауған, сөнген шоқ, өшкен арман
13 ақпанда біздің мектепте Кеңес әскерін Ауған елінен шығару күніне орай "Ауған, сөнген шоқ, өшкен арман" атты Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті. Кездесуге Қостанай қалалық "Боевое братство" қоғамдық бірлестігінің мүшелері Жусупов Қайрат Ибраевич, Литвинов Эдуард Владимирович, Набатов Олег Николаевич, Руппель Виктор Андреевич қатысты. Ардагерлер өздерінің бастарынан кешкендерін жоғары сынып оқушыларымен бөлісті. Концерттен кейін ардагерлер мен жоғары сынып оқушылары Е.Пальчиковтың мемориалдық тақтасына гүл шоқтарын қойды.