“Ұлттық диктант”
Қостанай қаласындағы N3 мектеп-гимназиясында 2025 жылы 5 қарашада қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Жанабергенова Ж.К. , Досанова Б.Ж., Бимагамбетова Г.С. ұйымдастыруымен 10-11 сынып оқушылары мен педагогтер арасында “Ұлттық диктант” республикалық жобасы өткізілді.
Жобаның негізгі мақсаты: мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдысын қалыптастыру және оны насихаттау. Сонымен қатар азаматтық жауапкершілік және тілге деген құрметтерін арттыру.


