НОВОСТИ ШКОЛЫ

ЭКСТРЕМИЗМ – ҚОҒАМ ҚАУПІ

Адамзаттың саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және рухани жағдайына тікелей әсер етіп отырған діни экстремизм мен терроризм ХХІ ғ. ең бір өзекті мәселелерінің біріне, әуелі дертке айналып отыр. Террорлық актілерге итермелейтін антогонизмдер және қайшылықтар өсе түсуде. Қазіргі таңда діни лаңкестік бір ғана аймаққа, бір ғана мемлекетке тән құбылыс емес.

Әлемдік дәрежеде лаңкестікке апаратын экстремизмнің алуан түрлері жалғаса түсуде. Әр түрлі ұйымдар осыны пайдалану арқылы саяси-экономикалық мәселелерді шешуге тырысуда. Бүкіл әлемде орын алып отырған дінді пайдаланып экстремизм мен терроршылдықтың саяси-әлеуметтік негіздерін зерттеу өте өзекті мәселе. Негізінде, дінге байланысты экстремизм мен террор кеше мен бүгін ғана пайда болған құбылыс емес. Оның ертеден келе жатқан тарихи тамырлары бар. Қазіргі лаңкестік әрекеттердің мәнін түсінуде адамзат тарихындағы діни көзқарастар мен саясаттарды ғылыми жағынан зерттеудің маңызы өте зор. Себебі ол, осы кездегі діни экстремизм мен терроризмнің саяси-әлеуметтік негіздерін анықтауға жәрдемдеседі. Бұдан кейін, қазіргі кезде Қазақстан Орталық Азияға үлкен қақпа рөлін атқарып тұр. Өйткені, мұнда негізгі интелектуалдық және техникалық мүмкіншілік пен үлкен табиғи байлық шоғырланған. Алып мемлекеттер тарапынан лаңкестікке ғана күресте қарсы кінәлілерді біліп алмай, оның пайда болу себептерін анықтап алмай тұрып беталды соғыс жүргізу орын алуда. Сондықтан «діни экстремизм», «исламдық радикализм» туралы әлемдік ақпарат құралдарындағы құбылыстарда, ғылыми дәлелдемелер жетіспейді, оны бағалауда біржақталық басым. Келесі, еліміз тәуелдіздік алғалы діннің дамуына кең жол ашылды. Көп жыл кеңес тегеуірінің көрген мұсылман қауымы Құранды еркін оқуға қол жеткізді.

Экстремизм термині шектен (шыққан) тыс көзқарастар мен әрекеттерді ұстану, қоғамдағы тәртіп пен нормаларды терістеу ретінде анықталады. Экстремизм бұл әр уақытта жан жақты көрініс беретін өте күрделі құбылыс. Оған анықтама беруде эксперттік ортада әртүрлі түсінік бар. Оны екі топқа бөлуге болады: бірінші топ экстремизмді негативті және әлеуметтік қауіпті құбылыс деп бағалайды. Бұл бағытты ұстанушыларды «консерваторлар» деп белгілеуге болады. «Консерваторлар» бағытыңдағылар негізінен ғылыми академиялық орта, сонымен қоса құқық қорғау орғандарының қызметкерлері. Зерттеушілердің бір бөлігі бұл мәселені салыстырмалы түрде, жіктеп қарастыруға тырысады. Оларды шартты түрде «либералдар» деп атауға болады. Либералдар экстремизмді жағымсыз құбылыс деп анықтаудан бас тартады. Экстремизмді әртүрлі құбылыстарды кеңінен алатын іс-әрекет мүмкіншілігі ретінде де түсінуге болады. Сондықтан экстремизмге шек қою мүмкін емес. Қазіргі ойдың алуан түрлілігіне салатын болсақ, экстремизм қылмыс емес. Бұған планетадағы ортақ құпталған шеңберден шыққан іс-әрекеттің бәрін кіргізуге болады дейді. Сонымен қоса қоғамдық құрылысқа қарсы құбылыс болса, құқықты шектеуші ретінде анықтау дұрыс емес. Себебі, кейбір әлеуметтік наразылықтар да (аштық жариялау, мемлекеттің қаулыларына қарсылық үрдістер) қоғамдық қауіпті феномен деп анықталып кетуі мүмкін болар еді.

Экстремизмнің негізінде адамдардың табиғи мүдделерінің қақтығыстары: экономикалық, әлеуметтік, этникалық және конфессиялық қарама-қайшылықтары жатыр. Бұл мүдделердің, қарама-қайшылықтардың көлемі әр түрлі болуы мүмкін: жеке тұлғаның бүкіл қоғамға қарсы тұруынан бастап, бүкіл мемлекеттік жүйелердің қатал тайталасымен аяқталады. Қанда да бір себептермен мүдделері сақталмай қалған жағдай да тайталас екі жақтың бірі өздерінің саяси, діни, этникалық, тағы басқа мәселелерінің шешімін табу үшін шектен шыққан әдістерге көшуі мүмкін.

Экстремизмнің пайда болу себебі әр қоғамда әр түрлі болады және сол қоғамдағы объективтік және субъективтік жағдайға байланысты. Әйтсе де экстремизмнің пайда болуы мен таралуының базистік жағдайы бар. Ол кез-келген қоғам мен мемлекетке тән. Қазіргі кезеңде экстремизмнің пайда болуының негізгі факторлары ретінде эксперттер мыналарды ұсынады: әлеуметтік экономикалық тоқырау; жергілікті тұрғындардың көп бөлігінің өмір сұру деңгейінің кұрт түсуі; мемлекеттік басқару жүйесі мен саяси институттардың деформациясы; олардың қоғамдық дамудың пісіп тұрған мәселелерін шешуге қабілеті жетпеу; саяси тәртіптің тоталитарлық сипат алуы; биліктегілердің оппозицияны басып тастауы; еркін, жаңаша ойлауды қуғындау; ұлттық қанау; жеке топтардың өз міндеттерін шешуін жеделдетуі; көшбасшылардың саяси ерекеліктері және т.б.

Бұл негізгі факторлармен қоса ғалымдар экстремизмнің пайда болуы және дамуына әсер ететін қосымша факторларды атап көрсетеді. Оларға халықаралық немесе мемлекеттік жүйеде экстремизм көріністеріне қарсы күрестің осалдығы, тұрғындардың, жеке топтардың саяси және құқықтық мәдениетінің төмендігі, мемлекетаралық қатынастың әлсіреуі, әлеуметтік шиеленістің өсуі т.б.

Дін адамзаттың рухани мәдениетінің маңызды бөлшегі. Дін арқылы адамдар арасындағы рухани байланыстан, ұлтаралық келісім мен қоғамның беріктігі, адами құндылықты, салт-дәстүрді сақтаудың ең жақсы мүмкіндігін көре білуіміз қажет. Ұлттық мәселелердің дұрыс шешілуі Қазақстанның халықаралық қауымдастықта лайық орынға ие болуына, әлемдік өркениеттің горизонттарынан орын алуға мүмкіндік береді.

А.Байтұрсынов атындағы ҚМУҚазақстан тарихы және философия кафедрасының меңгерушісі                                                       Тойматаев Д.Б.

В рамках государственного социального заказа ГО отдела внутренней политики акимата города Костаная повышения информационной грамотности молодежи по вопросам деятельности современных религиозных течений.

Комментарии к записи ЭКСТРЕМИЗМ – ҚОҒАМ ҚАУПІ отключены