Абайға 175 жыл
Биыл барша ел болып қазақ ұлтының біртуар азаматы, данышпан, ағартушы, қазақ әдебиеті мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан дара тұлға Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойын атап өткелі отырғанымыз белгілі.
Абай
Құнанбаевтың шығармашылығы — даналықтың, рухани жаңғырудың негізгі көзі.
Абай Құнанбайұлы (1845 — 1904) жылы бүгінгі
Шығыс Қазақстан облысының Шыңғыс тауы баурайында дүниеге келген. Ол қазақтың әдебиетінде
қайталанбас ұлы ойшыл, философ, ақын.
Абайдың көз жетпес көкжиектей кең, теңіздей терең ойларын, алтындай асыл, қорғасындай салмақты сөздерін əрбір қазақ баласы, халқымыз оқып санамен, жүрекпен қабылдап өмірде рухани бағдаршамдай пайдалану керектігін сезінесің. Абайдың өз заманында айтқан ой толғанысы қазіргі заманмен үндесіп тұруы халқының, бүгінгі ұрпақтың болашағын ойлаған кемеңгер көреген ойшыл екенінде. Абай тұлғасы мен мұрасын елімізде ғана емес шетелдерде де насихаттау ол біздің рухани байлығымызды, мәдениетімізді халықаралық деңгейге көтеріп Абайдың ұлылығын асқақтату. Ең басты мақсатымыз дана Абайдың тағылымын өскелең ұрпақтың санасына сіңіру, тәрбиелік мағына беру.