НОВОСТИ ШКОЛЫ

Наурыз мейрамы

№3 мектеп-гимназиясында Наурыз тойы ерекше өтті. Әр сынып берілген іс-шара жоспары бойынша Наурыз мейрамын өткізді. 1-2 сыныптар сынып сағаттарын өткізді, 3-5 сыныптар ұлттық дәстүрлерді көрсетті, 6-7 сыныптар ұлттық ойындар сайысында қатысты және 8-11 сыныптар ән жарысында қатысты. Соңында барлық сыныптар жәрмеңке өткізді.

Шығыс халқының Жыл басы — Наурыз тойын тойлауға  мектеп оқушыларымен бірге мұғалімдер, ата-аналар да жиналып, бір кісідей өткізді.

Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамымен барша халықты құттықтаймыз.

Комментарии к записи Наурыз мейрамы отключены