Білім беру ұйымдарының басшыларына
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ «Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ 2019 жылдың 19 ақпан айындағы №01-23/65 хатын жұмыс үшін жолдайды.
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ Қостанай облысы әкімі 2018 жылғы 11 желтоқсандағы №549 өкімімен бекітілген «Қостанай облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2019 жылға арналған іс-шаралар жоспарының» 74 тармағына сәйкес ағымдағы жылдың 13 наурыз күні жалпыоблыстық диктант (бұдан әрі – Диктант) өткізілетінін хабарлайды. (хаты қосымшада берілген).
Хаттың негізінде қала бойынша жүргізілген диктант қорытындысы қосымшаға сәйкес шығарылады. (2-қосымша). Диктант қорытындысы бойынша статистикалық мәліметтерді Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөліміне 2019 ж. 13 наурызда сағат 17.00- ге дейін kazakh@kst-goo.kz поштасына жолдау қажет.