Үш тілдегі театр үйірмелерінің есеп беру концерті
23- ақпанда №3 мектеп-гимназиясында үш тілдегі театр үйірмелерінің есеп беру концерті өтті. Қазақ тілінде өткізілетін «Жас талант» театрының мүшелері «Кикінің киесімен қоштасуы» атты қойылымын көрсетті, орыс тіліндегі «Лицедей» үйірмесі «Лошадиная фамилия» қойылымын көрсетті және ағылшын тіліндегі «Special Оnes» үйірмесі «Красавица и чудовище» қойылымын көрсеткен болатын. Театр үйірмелерінің шығармашылық жұмыстары жоғары деңгейде бағаланды.